02 Нау 2022
Хабарландыру

2022жылғы 1-31 наурыз аралығында Тарбағатай ауданының балаларына қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурсқа қатысуға ниетбілдірген меншік нысанына қарамастан ұйымдардың құжаттарын қабылдау басталады

Назар аударыңыз!

2022жылғы 1-31 наурыз аралығында Тарбағатай ауданының балаларына қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурсқа қатысуға ниетбілдірген меншік нысанына қарамастан ұйымдардың құжаттарын қабылдау басталады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес 3 жастан 18 жасқа дейінгі бір балаға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде мынадай шығындар өтеледі:

1) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым қызметкерлерінің жалақысы;

2) ғимаратты (үй-жайды) күтіп-ұстауға және пайдалануға арналған шығыстар;

3) мұғалімдердің біліктілігін арттыру шығындары.

Балалардың қосымша білім алу рәсіміне қатысуға және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға тілек білдірушілер аудандық/қалалық білім беру бөлімдеріне төмендегілерді ұсыну қажет:

- осы мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия төрағасының атына өтініш;

- келесі құжаттар:

1) № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес ұйым ғимаратының/ үй-жайларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, ұйымның жарғысы (Ереже, құрылтай шарты);

3) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде, құжаттар берілгенге дейін бір ай мерзімнен ерте емес күнгі берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер;

4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі не Ұйымға пайдаланылатын жалдау шартының көшірмесі;

5) балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары;

6) педагогтердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі, біліктілік деңгейі туралы құжаттарының көшірмесі;

7) Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) көшірмелері (жарғыға, құрылтай құжаттарына, шарттарға сәйкес) не Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат.

Балалардың қосымша білім алуына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Ұйымдар тізбесіне енгізу үшін ұсынылған ұйымның құжаттары тігіледі, нөмірленеді, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) не басшының қолымен расталады.

Меншік нысанына қарамастан балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім беру деректер базасында (ҰБДҚ) тіркелуі қажет.

Құжаттар пакеті аудандық / қалалық білім бөлімдеріне 2022 жылғы 01-31 наурыз аралығында қолма-қол қабылданады.

Балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысқа жетекшілік ететін мамандардың байланыс деректері:

 

№р/н

ҚББ/АББ

Аты, тегі

Байланыс телефондары

1

ШҚО Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы

Дауытбаева Самал Нағызхановна

2-16-18, 87773506356

2

Тарбағатай ауданы

Муслимова Арай

87055411166

Кусаинова Шынар

87783001424

 

 

 

Қосымша

 

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға,  сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі  тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 19 қосымша

 

Нысан

 

Өтініш нысаны (қосымша білім беру ұйымының бланкісінде толтырылады)

 

Қосымша білім беругемемлекеттікбілім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасына

_________________________
(Төрағаның Т.А.Ә.(бар болғанда))

Өтінім
                              
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін қосымша білім беру бойынша қызмет көрсетушілердің тізбесіне ___________________________________________________________
(Ұйымның атауы)

қосуды өтінемін.

Келесіні хабарлаймын:
1) дайындық бағыты _________________;

2) орналасқан жері _________________

Балаларға қосымша білім беру үшінмемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруменқамтамасыз етілген балаларға білім беру қызметтері үшін ата-аналар төлемдерін алмауға міндеттенемін.

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _ _ _ бетте.
Ұйым басшысы ___________________________________________

(Т.А.Ә. (бар болғанда)

__________         қолы


Толтырылған күні

Аудан бойынша бөлу кестесі

р/н

Қосымша білім беру бағыттары

Орындар саны

Барлық орындар

1

Тарбағатай ауданы

Көркем - эстетикалық

100

170

Сәндік - қолданбалы

40

Ғылыми - техникалық

10

Спорттық

20

 

 

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар