Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау бойынша түсіндірме
https://zhanaaul.tarb-raioon.edu.kz/kz/janaliktar-basti-oral/12534-jastarfedede.html#sigFreeId93b4f10932
2023 жылғы 2 мамыр мен 10 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімінің Бас маманы-заңгер Төлегенұлы Бахтияр Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының білім беру ұйымдарының басшыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтау мәселесі бойынша және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау барысы туралы семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске Шығыс Қазақстан облысының аудандық білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге білім бөлімдерінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімінің бас маман-заңгер Төлегенұлы Бахтияр кешенді жоспардың әрбір тармағын таныстырып, түсініктеме берді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі бойынша егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлық туындаған сұрақтары бойынша спикермен толық жауаптар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.